Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында Наурыз мерекесі аталып өтілді.
Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Н.Ноғаев Наурыз халықтарды біріктіруші фактор айта келіп, бұл шараның қазақ-түрікмен достығына әз игі әсеріне тоқталды.
Мерекеге Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен Түрікменстандағы басқа да аккредиттелген Елшілік өкілдері, сондай-ақ Түркіменстандағы қандастарымыз қатысты.
Елшілік ғиматының жанында киіз үй құрылып, ән шырқалып, күй тартылды. Айта кету керек, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының бір топ артистері Елшіліктің арнайы шақыруымен келген болатын. Өнер иелерін филармония директоры Б.Қалиолла бастап келді. Батысқазақстандық өнерпаздар әсем ән, күмбірлеген күймен мерейлі бас қосудың шырайын келтірді.
Жыл басын мерекелеу барысында танымдық дүниелер насихатталып, жиналған қауымға мерекелік дастархан жайылды және ұлттық ас мәзірлері мен Наурыз көже таратылды.