Түрікмен-қазақ достығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Түрікмен-қазақ достығына арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 26 ақпанда Балканабад (Балкан велаятының орталығы) қаласындағы Сапармұрат Түрікменбашы атындағы мемлекеттік драма театрында түрікмен-қазақ қатынастарына арналған үлкен іс-шара болып өтті. Шараны жергілікті қандастардың  қолдауымен велаят хакимлігі ұйымдастырды.

Іс-шара негізінен  «Алпамыс батыр» эпосын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізу тақырыбына арналды. Бұл орайда, Балкан велаяты хакимінің орынбасары Бахаргул Мамиева іс-шараның маңыздылығына тоқталса, Түрікменстанның ЮНЕСКО ісі бойынша жауапты хатшысы Чинар Рустемова және Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы консулы Жәнібек Жұмбергенов көрермендерге Алпамыс эпосы туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Шараға жиналғандар қазақ және түрікмен әндерін тыңдап, қос халықтың ұлттық билерін тамашалады және Мемлекеттік драма театр әртістерінің күшімен Алпамыс батыр эпосынан қысқаша қойылымдар көрсетілді.