Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасы Консулдығының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды

Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасы Консулдығының  жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды

2024 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Консулдығының жаңа ғимараты ашылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ногаев, Қазақстан Елшілігінің және консулдық қызметкерлері мен қандастар қатынасты. Түрікмен тарапынан салтанатты шараға қала хәкімі Амангелди Исаев, Түрікменстан СІМ-інің Балкан велаяты бойынша өкілдігі басшысы Йалкапберди Муратгельдиев, мәдениет пен бизнес өкілдері және тағы басқалар болды. РФ-ның Түрікменстандағы Елшілігінің Түрікменбашы қаласындағы консулдық пунктінің басшысы Мерген Джеваков құрметті қонақ ретінде қатысты.     

Елші Н.Ноғаев, – екі ел көшбасшыларының арасындағы диалог біздің өзара қатынастарымыздың өзегі екенін және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың рөлі зор екенін тілге тиек етіп, осы консулдық қызмет екі ел азаматтарының араласуына дәнекер болатынын баса айтты.

«Ортақ салт-дәстүріміз, ортақ тарихымыз, бір- біріміздің мүдделерімізді ескеру Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатының іргесі болды. Достық пен өзара қолдаудың қалыптасқан нысаны уақыт сынынан өтті және екіжақты қатынастарды табысты ілгерлетудің негізіне айналды.», - деді ол.

Қазақ диаспорсы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерт ұйымдастырылды және ұлттық тағамдар дайындалып, іс-шара құрметіне мерекелік дастархан жайылды.