Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Н.Ноғаевтың Балкан велаятына сапары

Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Н.Ноғаевтың Балкан велаятына сапары

2024 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев Балкан велаятына жұмыс сапарын жасап, іс-шара барысында Балкан велаятының хәкімі Ходжамырат Ашырмырадовпен және Түрікменбашы қаласының хәкімі Амангелди Исаевпен кездесті.

Балкан велаятында мұнай өндіру, мұнай-химия және корабль жасау саласы бойынша ірі өнеркәсіптік  база бар. Осыған орай қазақстандық дипломат түрікмен тарапының өнеркәсіптік бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.    

Сапар аясында Елші «Түрікменбашы мұнай өңдеу зауыты кешені» мен «Халықаралық теңіз порты», сондай-ақ «Гарабогаз карбамид-аммиак зауыты» (карбамид тыңайытқышының ірі өндірушісі) сияқты кәсіпорындарда болып, компания басшыларымен өзара тиімді байланыстар орнату мәселелерін талқылады. Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында бизнес өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылды.