Онлайн брондау қызметі іске қосылмақ

Онлайн брондау қызметі іске қосылмақ

         2024 жылғы 10 маусымнан бастап ҚР-дың Түрікменбашы қ. Консулдығы азаматтарды визалық мәселелер бойынша қабылдауды электрондық форматқа көшіреді.  

            Электрондық кезекке жазылу үшін келушілер ҚР-дың Түрікменбашы қ. Консулдығының сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi немесе іздеу арқылы - ҚР Түрікменбаши қ. консулдығы) кіріп, «Консулдық қызметтерді онлайн брондау» бөліміндегі арнайы нысанды (https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi/online-booking?lang=ru) толтыруы тиіс.

          Келушілер онлайн кезекке алдын ала жазыла алады, оған қоса онлайн жазылу күн сайын сағат 17.00-ден және 22.00-ден кейін келесі жұмыс күні үшін жаңадан ашылатын болады.