Түркіменстанның Балқан велаятында Қазақстан әртістерінің концерті өтті

Түркіменстанның Балқан велаятында Қазақстан әртістерінің концерті өтті

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімдігі мен Түрікменстанның Балкан велаяты арасындағы 2025 жылға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жоспары шеңберінде екі өңірдің тығыз байланыстары қарқынды даму үстінде.

         Мәселен, 2025 жылғы 18-21 қарашада Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. консулдығының қолдауымен Маңғыстау облысынан 80 адамнан тұратын шығармашылық ұжымдар келіп, Балқанабад және Түрікменбашы қалаларында салтанатты концерттер ұйымдастырылды.

         Іс-шараға Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Н.Ноғаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Б.Жүсіп, Балқан хякимлигінің басшылары қатысты.

         Қазақстандық дипломат өз сөзінде көне тарихтан  қатысып келе жатқан  екі халықтың да бай мұрасына деген өзара қызығушылықты атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай берік байланыстар өзара мәдени кеңеюге, екі елдің шығармашылық өкілдерінің ынтымақтастығын жандандыруға ықпал ететінін  баса айтты.

         Іс-шара аясында Н.Ноғаев Балқан велаятындағы қандастармен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді талқылады.

         Қандастар Қазақстан Елшісіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.