КАНАДАДАҒЫ ҚР АЗАМАТТАРЫ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

КАНАДАДАҒЫ ҚР АЗАМАТТАРЫ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2023 жылғы 19 наурызда, жексенбі күні, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі (Оттава қ.) жанындағы №279 сайлау учаскесінде  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімінде Сіздің деректеріңіздің болуы. ҚР Канададағы Елшілігі (Оттава қ.) жанындағы №279 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне Канадада тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар кіреді. Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздері сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Канададағы әрбір ҚР азаматы consul.ottawa@mfa.kz, consul.ottawa@gmail.com электронды пошталарына алдын ала келесі деректерді жіберуі қажет:

- Тегі, аты, әкесінің аты;

- туған күні;

- ЖСН;

- мекенжайы;

- телефон нөмірі, e-mail.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда ҚР Канададағы Елшілігінің (Оттава қ.) +1-613-695-8623 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.