Оттавада Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау қорытындылары және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары бойынша жан-жақты және конструктивті пікір алмасу өтті

Оттавада Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау қорытындылары және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары бойынша жан-жақты және конструктивті пікір алмасу өтті

Оттава, 2022 ж. 5 желтоқсан - Канадалық сенаторлардың, сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен а.ж. 20 қарашадағы Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау қорытындыларына және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кең ауқымды реформаларын іске асыруға арналған сараптамалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға канадалық сенаторлар Виктор Оу мен Жан Ив Дажене, канадалық «Ottawa Life» басылымының бас редакторы Д.Донован және сенатор Виктор Оу Хатшылығының Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Лорен Рэй қатысты. Бұл іс-шараға дейін олар біздің елге тәуелсіз халықаралық бақылаушылар ретінде келген. Канадалық бақылаушылар ашық және әділ сайлау өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын және дауыс беру ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін растады.

Сараптамалық талқылауға «Canadian Global Affairs Institute» (CGAI) жетекші канадалық зерттеу институтының ғылыми қызметкері А.Разиулис, Карлтон университетінің аға ғылыми қызметкері, Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы бұрынғы Елшісі М.Скок, Канада-Еуразия Сауда Палатасының (CECC) Ұлттық кеңесінің төрағасы Ж.Бретон және т.б. қатысты.

Өз сөзінде ҚР-дың Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов қатысушыларды мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары және Президент Қ.Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: барлығына және әркімге. Қазір және мәңгі» сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.

Елші А.Камалдинов бұл құжаттың мақсаты қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтіп, Қазақстан өзінің дамуының сапалы жаңа кезеңіне кіргенін атап өтті.

Канадалық сарапшылар «Әділ Қазақстанды» құрудың және саяси бәсекелестік, одан әрі демократияландыру, экономиканы монополиясыздандыру және ашық бәсекелестік үшін жағдай жасау сияқты қағидаттарды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, канадалық сарапшылық қауымдастық елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың өзектілігін атап өтіп, «Әділ Қазақстанды» құрылысы шеңберінде конструктивті өзара іс-қимылға өз дайындығын білдірді.