Отандастар Қоры қазақ диаспорасы өкілдерінен шыққан оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялайды

Отандастар Қоры қазақ диаспорасы өкілдерінен шыққан оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялайды

«Отандастар Қоры» КЕАҚ шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінен шыққан оқушылар арасында 16 тамыз - 16 қазан аралығында өтетін шығармашылық байқау жариялайды.

Байқауға 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

Қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс:

https://docs.google.com/forms/d/1TI4GkWOBLI0UWEmNE75YHkQF3DyEEPYUNpLz6ipaJpo/edit?usp=sharing


Байқаудың бағыттары:

Қазақ поэзиясын әлемге таныту мақсатындағы байқау бірнеше бағытқа негізделеді. Қатысушы тізімде көрсетілген 50 ақынның біреуінің өлеңін таңдап, төменде көрсетілген төрт бағыттың біреуіне байланысты видео түсіру.

  1. Ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқу;
  2. Өлең мағынасын қара сөзбен түсіндіру (презентациялау);
  3. Өлеңді сюжетіне сәйкес сахналау;
  4. Музыкалық сүйемелдеу арқылы әндетіп орындау.

Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар:

  1. Бейнероликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы керек;
  2. Қатысушы кіріспе сөзінде өзінің аты-жөнін, елін таныстырып, өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау;
  3. Орындайтын, таныстыратын өлеңнің авторы мен атауын атап өту;
  4. Сыртқы образ, видео түсіруге дайындығы;
  5. Әлеуметтік желіге @otandastar_qory инстаграм парақшасын және #otandastar_qazaqpoeziasy хэштэгін белгілеп, инстаграм әлеуметтік желісіне салады.

Ақындардың тізімі.

  1. Абай Құнанбайұлы
  2. Шәкәрім Құдайбергенұлы
  3. Мұхтар Шаханов
  4. Сәкен Сейфуллин
  5. Мағжан Жұмабаев
  6. Мұқағали Мақатаев
  7. Ақұштап Бақтыгереева
  8. Жамбыл Жабаев
  9. Марфуға Айтхожина
  10. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
  11. Фариза Оңғарсынова
  12. Ыбырай Алтынсарин
  13. Несіпбек Айтұлы
  14. Дәулеткерей Кәпұлы
  15. Мақпал Мыса
  16. Назира Бердалы
  17. Қалқаман Сарин
  18. Ерлан Жүніс
  19. Әкім Ысқақ
  20. Әбділдә Тәжібаев
  21. Қасым Аманжолов
  22. Дихан Әбілев
  23. Қадыр Мырза Әли
  24. Қалижан Бекхожин
  25. Ғафу Қайырбеков
  26. Жұмекен Нәжімеденов
  27. Баубек Бұлқышев
  28. Светқали Нұржан
  29. Айтуар Өтегенов
  30. Абдрахман Асылбек
  31. Сұлтанмахмұт Торайғыров
  32. Баянғали Әлімжанов
  33. Жұмекен Нәжімеденов
  34. Ұлықбек Есдәулетов
  35. Марфуға Бектемірова
  36. Кеңшілік Мырзабеков
  37. Алмат Исәділ
  38. Исраил Сапарбаев
  39. Жұмағали Саин
  40. Күләш Ахметова
  41. Дихан Әбілов
  42. Сапарғали Бегалин 
  43. Тұманбай Молдағалиев
  44. Жұбан Молдағалиев
  45. Төлеген Айбергенов
  46. Шөмішбай Сәриев
  47. Олжас Сүлейменов
  48. Ұлықбек Есдәулет
  49. Мұзафар Әлімбаев
  50. Ғафу Қайырбеков