COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі туралы азаматтарға арналған жадынама

COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі туралы азаматтарға арналған жадынама

Құрметті азаматтар!

Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін Қазақстан мемлекеттік шекарадан өту кезінде келесі шектеу шараларын қолдануда.

Бірінші, карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік азамат Қазақстанмен тікелей ұшуды қалпына келтірген мемлекеттің азаматы болуы тиіс немесе Қазақстан Республикасының шекарадан өту рәсімінде көрсетілген ерекше жағдайлардың біріне сәйкес келуі тиіс немесе Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес рұқсаты болуы қажет (ерекше жағдай немесе комиссия рұқсаты қажетті құжаттармен расталған жағдайда). Қазақстан Республикасының шекарасынан өту тәртібі туралы толық ақпаратты осы сілтеме арқылы қарауға болады.

Екінші, 57 мемлекеттің (соның ішінде Канада) азаматтары үшін визасыз режим 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

Үшінші, Қазақстанға шет елдерден келетін барлық жолаушылар COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсынуы қажет (сертификат берілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін 3 күн ішінде жарамды болып саналады)

Анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде болуы керек.

5 жасқа дейінгі балаларға тест тапсырудың қажеті жоқ.

Теріс нәтижесі бар ПТР сертификаты болмаған жағдайда жолаушылар, оның ішінде Қазақстан азаматтары және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді.

2021 жылғы 3 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцинацияның толық курсын алған Қазақстан азаматтары және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар құжаттық дәлелдемелер ұсынған жағдайда, теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсынбауына болады.

Қабылданған шешімдер, ең алдымен, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айта отырып, бұл шаралар тек коронавирустік инфекция жағдайы жақсарғанға дейін уақытша енгізілгенін атап өтудеміз.