Канадада Наурыз мерекесі атап өтілді

Канадада Наурыз мерекесі атап өтілді

Оттава, 2021 жылғы 25 наурыз, – Канадада Наурыз мейрамын онлайн мерекелеу өтті. Қазақстанның Канададағы Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Канада Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік органдардың, Оттава және Торонто қалалары мэриясының ресми өкілдері, Канадада аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер, қоғамдық және ғылыми топтардың өкілдері, сондай-ақ үйеңкі жапырағы елінде тұратын қазақстандық диаспора қатысты.

Рәсімді Канададағы ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов ашты, ол өз сөзінде Қазақстанның барлық отандастары мен достарын Наурыз мерекесінің басталуымен құттықтады. «Наурыз біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады және одан әрі жасампаздық пен даму үшін халықтарды біріктіреді. Ол бүкіл әлемде, соның ішінде мыңдаған отандастарымыз тұратын Канадада атап өтіледі. Бұл мереке бүкіл әлемде достықты, өзара құрмет пен келісімді одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Канадалықтарды Наурыз мерекесімен Премьер-министр Джастин Трюдо құттықтады. «Наурыз – бұл өтіп кеткен жылға баға беру және келген жылға жоспар құру уақыты. Бұл уақытта адамдар болашаққа үмітпен және оптимизммен қарай бастайды және айналасындағы адамдарға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді. Біз тек бірге ғана күшті, алуан түрлі және инклюзивті қоғам құра аламыз», - деп атап өтті Дж.Трюдо.

Оттава қаласының мэрі Джим Уотсон да барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. «Осы күндері бірге бола алмайтынымызға қарамастан, барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтағаныма қуаныштымын. Оттаваның бүкіл қаласы атынан сіздерге көңілді және жарқын мереке тілеймін», - деді Дж.Уотсон.

Іс-шара аясында Канададағы отандастарымызға өзінің музыкалық құттықтауын республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты А.Тәжібаева жолдады. Ол қобызда Абайдың «Көзімнің қарасы» атты шығармасын орындады. 2019 жылғы TOPJARǴAN музыкалық телевизиялық шоуының финалисті, қарағандылық вокалист К.Нұрдолдай этникалық стильде қазақ халық әнін орындады. Сондай-ақ, Канададағы қазақстандық диаспораның талантты музыканттары мен әншілері музыкалық құттықтауларды ұсынды.

Сонымен қатар, қазақстандық поэзия байқауының қорытындысы жарияланып, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын еске алуға, оларды Қазақстан мен Канададағы достарымен бөлісуге мүмкіндік берді. Байқау жеңімпаздары С.Қаршыға, С.Шалтықова, А.Ахметова Уайли, Л.Киселева және Д.Аманжол. Барлық қатысушылар тамаша орындау көрсетті, әрбір бірегей және өзінше қызықты, және сыйға ағылшын тілінде Ұлы қазақ ақыны Абай кітабын алды.