Канадада қазақстандық ақындарының шығармаларын үздік оқу конкурсын жариялау туралы хабарлама

Канадада қазақстандық ақындарының шығармаларын үздік оқу конкурсын жариялау туралы хабарлама

2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылғы 3-21 ақпан аралығында Канададағы Қазақстан Елшілігі қазақстандық ақындардың Ең үздік өлең оқуларына байқау жариялайды. 

Ұзақтығы екі минуттан аспайтын бейнежазбаны 2021 жылғы 21 ақпанға дейін Қазақстан Елшілігінің электрондық поштасына kazembottawa@gmail.com жіберуді сұраймыз. Бейнежазбаға қоса, қатысушының аты-жөні, туындының атауы, туындыны таңдау себебі туралы қысқаша ақпарат, кері байланыс үшін қатысушының байланыстары мен пошталық мекенжайы көрсетілуі қажет.

Өлең оқу тілі және қатысушының жасы – шектелмешен.

Келіп түскен барлық бейнежазбалар Қазақстанның Елшілігінің Facebook желісіндегі (@KZEmbassyCA) парақшасында 22-25 ақпан кезеңінде орналастырылады және олар әр бейнежазбаның астында қалдырылған лайктардың саны бойынша бағаланатын болады.

Бірінші, екінші және үшінші орын және бас жүлде иегерлері Елшіліктің естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Конкурстың қорытындылары 2021 жылғы 26 ақпанда сағат 13.00-де ZOOM-дағы онлайн кездесу барысында жарияланады. Zoom-ға кіруге сілтеме Елшілік сайтында іс-шара өтетін күнге жақын орналастырылады.

Конкурсқа қатысудың қосымша сұрақтар бойынша мына электронды поштаға хабарласуды сұраймыз: d.kassymova@mfa.kz