Қазақстанның Оттавадағы Елшілігі мен Торонтодағы Консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің 2021 жылғы 10 қаңтардағы жұмысы туралы

Қазақстанның Оттавадағы Елшілігі мен Торонтодағы Консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің 2021 жылғы 10 қаңтардағы жұмысы туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Онтарио Үкіметінің бүкіл провинция аумағында карантин режимін енгізу туралы шешіміне және 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап күшіне енген тиісті шектеулерге байланысты мынаны хабарлаймыз.

Канаданың ресми органдарының келісімі бойынша Қазақстанның Оттавадағы Елшілігі мен Қазақстанның Торонтодағы консулдығы жанындағы №279 сайлау учаскесі 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сайлауы күні Оттавада сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, ал Торонтода сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру үшін ашық болады.

Дауыс беру күні Оттавадағы Қазақстан Елшілігі және Торонтодағы Қазақстан консулдығы жанындағы №279 сайлау учаскесінің аумағында қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық талаптарын қатаң сақтау, физикалық қашықтықты қоса алғанда, бетперде кию және т. б. қамтамасыз етіледі.

18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие Қазақстанның әрбір азаматы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар. Сіздің деректеріңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Канададағы (Оттава қ.) Елшілігі жанындағы №279 сайлау учаскесі сайлаушыларының тізіміне болу елінің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Қазақстанның Канада аумағындағы әрбір азаматы өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) сіз жоспарлаған дауыс беру орнына байланысты Оттава қаласындағы ҚР Елшілігінің «сайлау-2021» белгісімен: ottawa@mfa.kz және consul.ottawa@mfa.kz электрондық мекенжайларына, немесе ҚР Торонто қаласындағы Консулдығының «сайлау-2021» белгісімен: toronto@mfa.kz және consul.toronto@mfa.kz электрондық мекен-жайларына алдын ала хабарлауыңыз қажет.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Оттава қаласындағы ҚР Елшілігі: (+1) 613-695-80-55/-82-55/-83-55/-84-55/-86-55

Торонтодағы ҚР консулдығы: (+1) 416 221 0111