GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Консулдық туралы
Екіжақты қарым-қатынас
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Все материалы
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
13 января 2026

Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетелдік азаматтарға Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның тоқтатылуына байланысты, ЖСН алудың маңызды балама тәсілі туралы хабарлаймыз.

Сіздерге қолайлылық пен қажетті цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы болып табылатын eResidency ресми онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған платформа арқылы цифрлық сәйкестендіруді және ЖСН-ды толықтай онлайн форматта төмендегі портал арқылы алуға болады: https://eresidency.gov.kz/en

eResidency арқылы ресімдеудің артықшылықтары:

  • цифрлық ID-картаны және ЖСН-ды қашықтан алу;
  • банктік және бизнес мүмкіндіктеріне қолжетімділік;
  • Қазақстан Республикасына немесе консулдық мекемеге жеке барып келу қажеттілігінің болмауы.

Барлық мүдделі шетелдік азаматтарға ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін осы сервисті пайдалануды ұсынамыз. Өтініш беру рәсімін бастау үшін жоғарыда көрсетілген eResidency порталына өтіңіздер.

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды.  Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.

«Жеке сәйкестендіру нөмірі» ЖСН – Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін керек. Шартты түрде бұл сіздің сервистер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы адамдардың деректер базасындағы бірегей кодыңыз.

  1. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтына кіру (http://www.pki.gov.kz);
  2. ЭЦҚ алуға өтінімді толтыру;
  3. Консулдықа өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен (паспорт), паспорттың негізгі бетінің көшірмесімен келу;
  4. Консулдықта өтінім расталғаннан кейін ЭЦҚ жүктеу үшін өтініміңіздің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз. Ол үшін «өтінім статусын тексеру» бөліміне өтіңіз http://www.pki.gov.kz.

ЖСН алғаннан кейін ЭЦҚ алу тәртібі:

ЭЦҚ-15 минут;

  • ЭЦҚ қолданылу мерзімі-1 жыл

ЖСН-1 жұмыс күні.

Тегін.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
21 марта 2024

КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:

 Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма.

Сәрсенбі - қабылдамайтын күн. Демалыс күндері және  Қазақстан мереке күндері күндері: жабық.

Мекенжайы: 4576 Yonge Street, Suite 413, Toronto, Ontario, M2N 6N4 Canada.

Құжаттарды қабылдау 09:30 - 12:30 аралығында алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Телефон арқылы кеңес беру: 15:00 - 16:00 аралығында +14162210111 байланыс нөмірі арқылы беріледі.

*Консулдық қызметтер/ құжаттар тізімі жөнінде сұрауды мына электрондық поштаға жазуды өтінеміз: consul.toronto@mfa.kz

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем байланысы: +1 437 808 8824

Назар аударыңыз! 

Жедел телефон нөмірлеріне Торонто қаласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда (туысқанының немесе досының қайтыс болуы, ұстау, полиция қызметкерлерімен қамауға алу) ғана хабарласу қажет.

 Бұл жедел қызмет нөмірі арқылы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілмейтінін ескеріңіз.

Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
15 марта 2024

Визаларды ресімдеу және ұзарту

Құжаттарды заңдастыру

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
21 января 2024

2024 ж. 1 қаңтардан бастап 16 жастан асқан өтініш берушілер міндетті түрде Қазақстанға виза ресімдеу шеңберінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу). 

2) өтініш.

3) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

4) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

5) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

6) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 80 АҚШ доллары;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 200 АҚШ доллары;

– туристік бір мәртелік виза – 60 АҚШ доллары;

– туристік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;

– транзиттік бір мәртелік виза – 20 АҚШ доллары;

– транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;

* Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.

Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.

«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.

күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін

Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
09 января 2024

Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР:

  1. Туу туралы қайталама куәлік беру;
  2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
  3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
  4. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
  5. Туу туралы анықтама беру;
  6. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
  7. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
  8. Қайтыс болуы туралы анықтама беру;
  9. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.

1) Туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
  • АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде (өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде) хабардар ете отырып, күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • Сумма – 25 АҚШ доллары

Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.

Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.

«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу
07 января 2024

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу

1) Белгіленген үлгідегі белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты;

1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратынн органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;

2) Фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;

3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.

  • 3 (үш) жұмыс күні.
  •      Сумма – 50 АҚШ доллары

 Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.

Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.

«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

ҚР азаматтарына қызметтерді көрсету
05 января 2024

Консулдық есеп

Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

ҚР оралуға арналған куәлікті ресімдеу

Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

Құжаттарды заңдастыру

Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу

Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
02 января 2024

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
  • Портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
  • Қызмет тегін көрсетіледі

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: +1 416 221 0111, e-mail:consul.toronto@mfa.kz

Консулдық есеп
02 января 2024

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
  • Уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).
  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

  • Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.
  • Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) толтырылған тіркеу картасы.

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді

  • Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы -1 жұмыс күні.

Қызмет тегін көрсетіледі

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
29 декабря 2023
  • Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);

3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

  • Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);

4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • жеке тұлғалармен бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • Сумма – 45 АҚШ доллары

Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.

Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.

«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары