Токио, 2025 жылғы 17 сәуір - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Императоры Ұлы Мәртебелі Нарухитоға сенім грамоталарын табыстады.
Императорлық сарайда өткен салтанатты рәсім барысында Жапония монархы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ізгі тілектерін жолдады. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Қазақстандағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы сұрап, Қазақстанның халқына қолдау өзінің сөздерін жолдады.
Өз кезегінде Елші Е.Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониямен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеп, қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін өзінің барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екендігін айтты.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, Е.Баударбек-Қожатаев екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, 2021 жылы Күншығыс орденімен (Алтын және Күміс жұлдыз) марапаттағаны үшін Жапония Императорына алғысын білдірді.
Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Жапония Үкіметінің атынан билеуші Либералды-демократиялық партияның мүшесі, Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрі Тошико Абэ қатысты.
Екіжақты сұхбат барысында Т.Абэ Е.Баударбек-Қожатаевты Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі міндетін ресми атқаруды бастағанымен құттықтап, тараптар Қазақстан мен Жапония арасында ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.