Жапонияның энергоресурстар мен металдар жөніндегі ұйымы (JOGMEC) Қазақстанның тау-кен өндіру саласында жобаларды қарастырады

Жапонияның энергоресурстар мен металдар жөніндегі ұйымы (JOGMEC) Қазақстанның тау-кен өндіру саласында жобаларды қарастырады

Токио, 2025 жылғы 12 ақпан - ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның энергоресурстар және металдар ұйымының (JOGMEC) Президенті Ичиро Такахарамен кездесті.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасушыны «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының инвестициялық жобаларының пулымен таныстырып, Бірыңғай индустрияландыру картасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.

И.Такахара қазақстандық және жапондық компаниялар арасында өзара тиімді әріптестікті тереңдетуге қызығушылық білдіріп, индустриялық сектордағы ынтымақтастықты арттырудың жоғары әлеуетін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын болашаққа арналған бірлескен іс-қимыл алгоритмін бекітті.

Атап айтқанда, Қазақстандағы перспективалы инвестициялық жобаларды талқылау үшін «JOGMEC» және «Тау-Кен Самұрық» арасында бейнеконференция ұйымдастыру.

Екіншіден, ұсынылған жобалар мен мемлекеттік реттеу тетіктерін егжей-тегжейлі зерделеу үшін Қазақстанға «JOGMEC» сарапшыларын жіберу.

Үшіншіден, сарапшылардың сапары негізінде жапондық инвесторлар үшін бірлескен іс-шаралар өткізу.

Сонымен қатар, жапондық тарап Қазақстанға инвестиция салатын шетелдік компаниялар үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қолдау шараларымен және салықтық преференциялармен танысты.