Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды

Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды
2024 жылғы 25 қаңтарда «Шекарасыз өнер» атты 21-ші халықаралық көрме аясында Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды.
Елшілік қолдау көрсеткен көрмеде Алматы қаласының «Штифман» сурет шеберханасындағы балалар курсы кураторының жетекшілігімен салынған жас суретшілердің туындылары жұрт назарына ұсынылды.