Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды

Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды

2023 жылғы 26 қаңтарда «Шекарасыз өнер» атты 20-шы халықаралық көрме аясында Токио қаласындағы Ұлттық өнер орталығында Орталық Азия елдері балаларының суреттер көрмесі ашылды. Елшілік қолдау көрсеткен көрмеде «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының көмегімен сурет салуды үйренген қазақстандық ерекше балалардың туындылары жұрт назарына ұсынылды.