Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі жанындағы №261 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі жанындағы №261 сайлау учаскесінің тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолдарында Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі. Сайлау учаскесі Токио уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Токио қ., Минато ауданы, Азабудай 1-8-14.

 

 ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Жапония аумағында тұрып жатқан ҚР азаматтары өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс деректері) Елшіліктің (japan@mfa.kz) электрондық поштасына «Сайлау-2022» белгісімен алдын ала хабарлауы, сондай-ақ сайлау күні өздеріңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет. Сайлау туралы қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының https://www.election.gov.kz/kaz веб-сайтында таныса аласыз.