Токиода Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орайластырылған концерт өтті

Токиода Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орайластырылған концерт өтті

19 маусымда Токионың «Akasaka Kumin Center» қоғамдық-мәдени орталығының концерттік залында ҚР Жапониядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орайластырылған «Жібек жолы – мәдениет пен достық көпірі» атты қазақ ұлттық музыкасының концерті өтті. Шара Жапонияның мәдениет істері агенттігі және «Min-on» концерттік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар, оның ішінде классикалық күйлер, сондай-ақ жапондық шығармашылық топтың орындауындағы қазақ халық би өнері көрестілді.

Жапон көрермендері қазақтың атақты әуендерін орындау кезінде жапонның шертпелі «кото» аспабы мен «шякухачи» сыбызғы үнімен үйлестірілген домбыраның ерекше үнін жоғары бағалады.

Қоғамдық-мәдени орталықта ұйымдастырылған ұлттық сәндік-қолданбалы өнер үлгілерінің мамандандырылған көрмесі, тақырыптық фотоэкспозициялар мен Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттық материалдар да шара қонақтарының назарын аударды.

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Сабр Есімбеков жиналғандарға қазақ мәдениетіне деген жоғары қызығушылық үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Жапония жұртшылығының қазақ халқының мәдени-рухани мұрасына қол жетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Жапонияның Мәдениет істері агенттігі төрағасының орынбасары Хисахиро Сугиура, сондай-ақ «Мин-он» концерттік ұйымының Президенті Кадзуто Ито өз сөздерінде екі елдің мәдениет саласындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдіріп, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады.