Жапонияның компаниялары Қазақстанда цифрландыру жобаларына 150 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады

Жапонияның компаниялары Қазақстанда цифрландыру жобаларына 150 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады

Ү.ж. 12 ақпанда ҚР Жапониядағы Елшілігінде жапондық «Japan DX» және «Land Management Co. Ltd» компаниялары арасында Қазақстан экономикасына 150 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Тараптар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы жобаларды іске асырумен айналысатын «Japan DX KZ» бірлескен компаниясын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Жапониядағы ҚР Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың айтуынша, Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялауға жапондық компанияларды тарту алдыңғы қатарлы жапондық цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

«Japan DX KZ» ақпаратқа үздіксіз қол жеткізуге және кибер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деректерді сақтауға және өңдеуге арналған дата-орталықты Қазақстанда салуды жоспарлауда.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының негізінде «Japan DX KZ» компаниясы дәстүрлі акциялардың немесе меншік құқықтарының аналогы болып табылатын қауіпсіздік токендерін шығару есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін цифрлық платформа құруға инвестиция салады.

Блокчэйн технологиясы негізінде активке құқықты цифрлық токенге ауыстыру үдерісі Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларды тікелей Жапония инвесторларына ұсынуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы уақытты «декорбанизация» стратегиясы аясында «Japan DX KZ» жел электр станцияларын салуға, сондай-ақ ілеспе газдан электр энергиясын өндіруге инвестиция салуға ниетті.

«Japan DX» компаниясының төрағасы Соджи Сузукидің айтуынша, Қазақстанда, оның ішінде АХҚО алаңында қолайлы құқықтық режим құрылғаны озық технологияларды енгізу мен ілгерілетуде мүмкіндік береді.

«Japan DX» және «Land Management Co. Ltd» компанияларының делегациясы ү.ж. наурызда жобаны іске асыру мәселелерін талқылау үшін Қазақстанға сапар жасауды жоспарлап отыр.

Анықтама: 2020 жылғы 25 маусымдағы № 347-VI «Цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңға сәйкес, ҚР заңнамасына цифрлық активтер ұғымы енгізілді, сондай-ақ олардың айналымының құқықтық режимі белгіленді.

 

ҚР Жапониядағы Елшілігі