Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

Токио, 2026 жылғы 10 сәуір - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі министрі Кими Онодамен кездесу өткізді.

Жапон саясаткері ғылым, технология және ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытып, Қазақстанды «Токионың берік және сенімді әріптесі» деп атады. Ол екі елдің жетекші компаниялары мен экономикалық ұйымдарының қатысуымен іске асырылып жатқан бірлескен жобаларды жоғары бағалап, Қазақстанның елеулі экономикалық әлеуетін және іскерлік байланыстарды одан әрі арттыруға кең мүмкіндіктердің бар екенін атап етті.

Тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі даму перспективаларын талқылады. Басым бағыттардың қатарында аса маңызды минералдық ресурстар саласы, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және ғарыш бағыты белгіленді.

Өз тарапынан ҚР Елшісі жапон тарапын елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің экономиканы цифрландыру, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту шаралары туралы хабардар етті. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін одан әрі дамыту және кеңейту перспективалары ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті алдағы уақытта да  нығайтуға, практикалық өзара іс-қимылды дамытуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды тереңдетуге өзара міндеттемелерін растады.