Жапон бизнес федерациясында ҚР инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

Жапон бизнес федерациясында ҚР инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

Токио, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев «Кейданрэн» жапон бизнес федерациясының Төрағасы Ёшинобу Цуцуимен кездесу өткізді.

Елші сұхбаттасушыны салықтық преференцияларды, инвестициялық субсидиялар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін қоса алғанда, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен хабардар етіп, 2025 ж. 31 желтоқсанда бекітілген 2030 жылға дейінгі ҚР-дың инвестициялық саясатының тұжырымдамасымен таныстырды. Ол Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне және ынтымақтастық үшін әлеуетті бағыттар туралы түсіндіріп, жапон компанияларын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында бизнесті жүргізу шарттары, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы тиімді және сенімді логистикалық дәліз ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктері таныстырылды.

Өз тарапынан Ё.Цуцуи іскерлік байланыстар мен практикалық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығына тоқтап, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде қарқынды экономикалық дамуын атап өтті. Ол тұрақсыз халықаралық ахуал аясында энергетика, көлік және логистика, энергетика, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мүдделілік танытты.

Кездесуге «Кейданрэн» жаңа тәуелсіз мемлекеттермен ынтымақтастық комитетінің төрағасы, «Mitsui O.S.K. Lines» компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Такеши Хашимото да қатысты.

Анықтама: Жапонияның «Кейданран» бизнес федерациясы - 1574 компанияны, 106 жалпыұлттық салалық қауымдастықты және 47 өңірлік экономикалық ұйымды біріктіретін Жапонияның іскер топтарының ең ірі және ықпалды ұйымы болып табылады.