Жапонияның Экономика мемлекеттік министрі Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті

Жапонияның Экономика мемлекеттік министрі Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті

Токио, 2026 жылғы 2 сәуір Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Экономика, сауда және индустрия мемлекеттік министрі Кенджи Ямадамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды талқылады.

Сұхбаттасушылар тұрақсыз халықаралық ахуал жағдайындағы жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып,  энергетика,  маңызды минералдар, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыруды, көлік және логистиканы қоса алғанда, басым бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстанның жеткізу тізбектерін әртараптандыру, экономикалық қауіпсіздікті нығайту және орнықты көлік бағыттарын ілгерілету мәселелерінде Жапонияның сенімді әріптесі ретіндегі рөлінің артып келе жатқаны атап өтілді.

ҚР Елшісі сұхбаттасушыны екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерімен таныстырып, перспективті жобалар тізімін табыстады.

Өз кезегінде К.Ямада жапон тарапының Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлардың бірлескен комиссиясының кезекті отырысын ағымдағы жылы Астанада өткізуге мүдделі екенін растады.