
Токио, 2026 жылғы 26 наурыз – ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Эйсуке Моримен кездесті.
Е.Баударбек-Қожатаев жапон саясаткерін ағымдағы жылғы
1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан жаңа Конституциясының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы жаңартылған конституциялық қағидаттар мен құндылықтардың қоғамдық қолдауының жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сұхбаттасушыға азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және барлық этностар мен қоғамдық топтардың өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық-саяси институттардың – «Құрылтай» мен «Халық Кеңесі» функциялары түсіндірілді.
Өз кезегінде Э.Мори Қазақстанды «дана ел» деп атап, мемлекеттегі саяси өзгерістерді және Астананың халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Спикер жаңа Конституцияның қабылдануы елдің одан әрі дамуы үшін маңызды жетістік болып табылатынын мәлімдеп, Қазақстанмен тығыз парламентаралық байланыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді. Ол республиканың елеулі экономикалық әлеуетін және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар парламентаралық диалогты, соның ішінде Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы желісі бойынша, одан әрі нығайтудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.