Шетелдіктерге арналған «QazETA» цифрлық платформасы
«QazETA» цифрлық платформасы қосымшасын жүктеу нұсқаулығы
QazETA-шетелдіктердің "бір терезе" қағидаты бойынша негізгікөші-қон және ілеспе қызметтерге ыңғайлы, ашық және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік цифрлық
платформа. Жоба шетелдіктердің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен заманауи және жайлы өзара іс-қимылын қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
QazETA платформасы мыналарға бағытталған:
- шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу, болу рәсімдерін оңайлату;
- - елге кіруден бастап күнделікті қызметтерге дейін шетелдіктің
мемлекеттік сервистермен дәйекті өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін
бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру;
- -процестердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау
мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- - базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді
форматқа көшіру; Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда келесі қызметтер қол жетімді:
- - электрондық визалар беру (e-Visa);
- - электрондық кіруге рұқсат (Electronic Travel Authorization,ETA) ресімдеу;
- - Қазақстан Республикасының электрондық резиденті (e-Residency) мәртебесін алу;
- - шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді
құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).
-
- Платформаның негізгі қызметтері:
Электрондық виза (e-Visa) - электрондық виза-шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша Мемлекеттік қызметтің
цифрлық нысаны.
- 104 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі) мынадай санаттар
үшін бір реттік электрондық визаны ресімдей алады: "А3" (қызметтік),
"А5" (инвесторлық), "В1","В2","В3", (іскерлік), "В9-1" (Digital Nomad
Visa),"В10" (жеке іссапар), "В12" (туристік сапар),"С12" (емделу үшін).
Электрондық виза электрондық ресімделген шақыру негізінде беріледі
(шақыру ҚР ІІМ аумақтық полиция органдарында ресімделеді) және
виза алушы үшін ғана қолданылады және ілесіп жүретін адамдарға
қолданылмайды.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан
Республикасының аумағына келіп, Қазақстан Республикасының
халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғана жарамды
электрондық визаны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының
аумағынан шыға алады.
Электрондық кіруге рұқсат (ETA). ETA Қазақстан
Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің
азаматтарына арналған. Рұқсат электронды түрде ресімделеді.
Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған шетелдіктер
сапарға дейін 72 сағаттан кешіктірмей мобильді қосымша арқылы ETA
алуға өтінім береді.
ETA мерзімі-180 күн.
Шетелдіктердің Қазақстанда болуының нақты мерзімі
қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі. Бұл ретте,
берілген ETA рұқсаты ҚР аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге
жіберу туралы түпкілікті шешімді шекаралық бақылаудан өту кезінде
ҚР уәкілетті мемлекеттік органы қабылдайды.
ETA алу қажеттілігінен мыналар босатылады:
- - дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;
- - ресми делегациялардың мүшелері;
- - ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері.
Пилоттық кезеңде Қазақстан Республикасының визалық
талаптарынан босатылған елдердің азаматтары үшін ETA алу
ұсынымдық сипатта болады. Ол аяқталғаннан кейін азаматтардың
аталған санаттары үшін міндетті ETA алуды кезең-кезеңімен енгізу
жоспарлануда.
Электрондық резиденттік (e-Residency).
E-Residency ҚР-дан тыс жерлердегі шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық мемлекеттік және коммерциялық
сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін инновациялық құрал
"Астана халықаралық қаржы орталығының" (АХҚО) юрисдикциясы
шеңберінде. Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы
шеңберінде іске асырылады және мыналарды көздейді:
- - жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу;
- - банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;
- e-sim рәсімдеу;
- - компанияларды қашықтықтан тіркеу және бизнес жүргізу.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді
құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).
Бұдан әрі медициналық сақтандыруды ресімдеуді, ETA иелері
үшін шекаралық бақылаудан жедел өту мүмкіндігін, сервистік алымды
төлеуді,басқада цифрлық сервистерді қоса алғанда,
функционалдылықты кеңейту жоспарлануда. QazETA мобильді
қосымшасын PlayMarket және Appstore арқылы жүктеуге болады.
Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер
мен ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданады
support@qazeta.kz.
- Азаматтарына бір реттік электрондық виза (e-Visa) ресімделетін
елдердің тізімі:
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Ангола Республикасы
Андорра Княздігі
Антигуа және Барбуда
Аруба
Багам аралдары Достастығы
Барбадос
Белиз Республикасы
Бенин Республикасы
Біріккен Танзания Республикасы
Боливияның Көпұлтты Мемлекеті
Босния және Герцеговина
Ботсвана Республикасы
Бруней-Даруссалам Мемлекеті
Буркина-Фасо
Бурунди Республикасы
Бутан Патшалығы
Вануату Республикасы
Боливария Республикасы
Венесуэла
Габон Республикасы
Гайана Кооперативтік Республикасы
Гаити Республикасы
Гамбия Республикасы
Гватемала Республикасы
Гвинея Республикасы
Гвинея-Бисау
Гондурас Республикасы
Гренада
Джибути Республикасы
Доминик Достастығы
Доминикан Республикасы
Египет Араб Республикасы
Замбия Республикасы
Зимбабве Республикасы
Иран Ислам Республикасы
Камбоджа Корольдігі
Камерун Республикасы
Кения Республикасы
Кирибати Республикасы
Корея Халықтық Демократиялық Республикасы
Қытай Халық Республикасы (Гонконг, Макао, Тайвань)
Комор аралдары
Конго Республикасы
Коста-Рика Республикасы
Кот-д' Ивуар Республикасы
Куба Республикасы
Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы
Лесото Корольдігі
Либерия Республикасы
Ливан Республикасы
Маврикий Республикасы
Мавритания Ислам Республикасы
Мадагаскар Республикасы
Малави Республикасы
Мали Республикасы
Мальдив Республикасы
Марокко Корольдігі
Маршалл Аралдары Республикасы
Микронезия
Мозамбик Республикасы
Мьянма Одағы Республикасы
Намибия Республикасы
Науру Республикасы
Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы
Нигер Республикасы
Никарагуа Республикасы
Оңтүстік Африка Республикасы
Орталық Африка Республикасы
Палау Республикасы
Панама Республикасы
Папуа-Жаңа Гвинеяның Тәуелсіз Мемлекеті
Парагвай Республикасы
Перу Республикасы
Руанда Республикасы
Самоа
Сан-Марино Республикасы
Сан-Томе және Принсипи
Сейшел Аралдары Республикасы
Сенегал Республикасы
Сент-Винсент және Гренадиндер
Сент-Китс және Невис Федерациясы
Сент-Люсия
Солтүстік Македония Республикасы
Суринам Республикасы
Сьерра-Леоне Республикасы
Того Республикасы
Тонга Корольдігі
Тринидад Республикасы және Тобаго
Тувалу
Тунис Республикасы
Түрікменстан
Уганда Республикасы
Үндістан Республикасы
Фарер аралдары
Фиджи Республикасы
Чад Республикасы
Черногория
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
Шығыс Уругвай Республикасы
Эль-Сальвадор Республикасы
Эритрея Мемлекеті
Эсватини Патшалығы
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
Ямайка