Токиода Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы стратегиясы таныстырылды

Токиода Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы стратегиясы таныстырылды

Токио, 2025 жылғы 11 қарашада - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегияны іске асыруға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға академиялық топтардың өкілдері, бизнесмендер мен талдау орталықтарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев қатысушыларды жасанды интеллект экожүйесін құру және мемлекеттік басқару мен экономикаға озық цифрлық технологияларды енгізу бойынша Үкіметтің басымдықтарымен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қызметіне, мемлекеттік қызметтер саласында және банк секторында цифрлық шешімдерді қолдануға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен қызығушылық танытты.

Профессор Кэй Карасава өңірлік тұрақтылық пен өркендеуді арттыруға бағытталған белсенді сыртқы саясат пен бастамалардың арқасында Қазақстанның өңірдегі рөлі нығайып отырғаны туралы атап өтті. 

Жапонияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ичиро Кавабата Жапония Үкіметі де жасанды интеллектті дамытуды негізгі стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындағанын мәлімдеп, екі елдің мемлекеттік және жеке құрылымдары арасындағы осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуетіне назар аударды.

Жапонияның Қазақстанды зерттеу қауымдастығының басшысы Елші Тошио Цунозаки жақында Қазақстанға жасаған сапары кезінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімді әрі ыңғайлы цифрлық технологиялардың қазақстандықтардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізіп жатқанынын куәгері болғанын атап көрсетті.

«Japan Energy Holdings» компаниясының Президенті Шитаро Фуджики өз сөзінде Қазақстанның жаңа технологияларға ерекше мән бере отырып, экономикалық стратегиясын трансформациялауы шетелдік инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер мен іскерлік перспективаларға жол ашатынын мәлімдеді.

Жапонияның мемлекеттік-жекешелік әріптестік қауымдастығының төрағасы Казуо Уеда өзінің бірлестігі мүшелерінің осы саладағы бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге әзір екенін жариялады.