Жапон тілінде еркін сөйлей отырып, Қазақстан Республикасының Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев шын ықыласпен үстел теннисі туралы әңгімелей бастады.
Кеңес уақытында Қазақстанда дүниеге келген ол сонау орта сыныптар кезінде үйінің алдындағы аулада әуес ретінде үстел теннисін ойнай бастаған. Жоғары сыныптарда болғанда аптасына шамамен екі рет жаттығу жасаған.
«Университетте біраз үзіліс болды. Ал СІМ-де жұмыс істей бастағалы аптасына бір-екі рет қайта ойнай бастадым. Сол кезде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен бірге теннис ойнайтынмын. Онда ол Сыртқы істер министрі қызметінде болып, алдында Үстел теннисі федерациясын басқарған», — деп еске алады Елші.
Елші Е.Баударбек-Қожатаев стажер ретінде 2 рет Жапонияға келіп, 1997–2003 жылдары шамамен жеті жыл бойы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші лауазымында жұмыс істеді.
Кейін 40 жасында Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі болып тағайындалды. Онда ол әр түрлі үстел теннисінің клубтарында, оның ішінде Сингапур ұлттық құрамасының ойыншысы Ян Цзыдың әкесі басқаратын залда жаттығуын жалғастырды.
2016 жылы Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалған кейін Ян Цзы оны жапон ойыншысы Харимото Кадзухиромен таныстырып, Эдогава ауданындағы клубқа барып жаттыға бастайды.
«Қазіргі уақытта аптасына 3–4 рет сол жерде жаттығамын. Клубта мейрамхана иелері, зейнеткерлер, бизнесмендер секілді әртүрлі адамдар жиналады. Үстел теннисі – ол жай ғана спорт емес, адамдармен араласу түрі. Дипломаттың жұмысы ресми іс-шаралардан тұратындықтан, қала тұрғындарымен еркін араласуға мүмкіндік аз. Ал үстел теннисі мұндай мүмкіндікке жол ашады. Сайыстардың арқасында дипломат бола тұра әдетте бара бермейтін жерлерде болдым.
Бірлескен жаттығулар және сұхбаттар жапон қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік туғызды. Бұл дипломат үшін баға жетпес тәжірибе. Бұдан басқа, үстел теннисі басқа спорт түрлеріне қарағанда үлкен шығын талап етпейді әрі бастауға жеңіл. Бұл спорт бойынша достарыма Қазақстан туралы айтып, өз еліммен таныстыруыма тамаша мүмкіндік береді».
Қазақстан Орталық Азияда орналасқан және 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алды. Ел аумағының көлемі Жапониядан аумағынан шамамен жеті есе үлкен, ал халық саны 20,8 млн-ға жуық адамды құрайды. Қазақстан Ресей мен Қытай арасында орналасқан, 7 500 шақырымнан астам Ресеймен ортақ шекарасы бар, сондай-ақ Қырғызстан және Өзбекстанмен шекараласады.
«Қазақстанда үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп тұрады. Онда Жапониядан синто және буддизм өкілдері қатысады. Іс-шараның мақсаты - дін себебінен туындайтын қақтығыстардың алдын алуға бірлесіп күш салу. Географиялық жағынан алғанда, ел аумағының шамамен 15% Еуропаға, ал қалған бөлігі Азияға қарайды. Сол себепті, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып қызметін атқарады. Мәдени тұрғыдан алғанда бұл Еуропа мен Азияның да тоғысқан жері», — деп Елші жылы жүзбен әңгімелеп, жаттығуын жалғастырды.
Президент бастамасы — Қазақстанда үстел теннисін дамыту
2024 жылы Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтті, ал 2027 жылы Әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр. Пандемияға дейін Қазақстан Халықаралық үстел теннисі қамқорлығымен үстел теннисі жарыстарының жыл сайынғы жарыстар топтамасының (ITTF World Tour) финалын қабылдады, ал қазіргі уақытта «World Table Tennis» турнирлерін белсенді түрде өткізуде. Президент Тоқаев бұқаралық спортты, әсіресе үстел теннисін дамытуға ерекше мән беріп отыр.
«Герасименко сыңайлы мықты спортшылар да өсіп келеді және біз өңірлерде үстел теннисінің арнайы мамандандырылған жаттығу орталықтарын салып, осы спорт түрін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Енді инфрақұрылым дайын болғандықтан, алдағы уақытта білікті бапкерлерді шақырып, Жапонияда қазақстандық балалар үшін жаттығуды ұйымдастырып, алмасуды одан әрі тереңдетпекшіміз», - деп атап өтті Елші.
Өз басым Сингапурда жұмыс істеген кезден бері үстел теннисіне үлкен қызығушылық танытамын. Серуендеуге немесе жаттығу залына баруға қарағанда, үстел теннисі ешқашан жалықтырмайды және жақсы терлеуге мүмкіндік береді.
Оны ойнай отырып басты қозғалтасыз, допты қадағалап, ол көзге де пайдалы және Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі дейді. Неғұрлым көп ойнасаңыз, соғұрлым қызық бола түседі. Жапонияда әлі де үстел теннисінің жаттығуын жалғастырып жүрген 80 немесе тіпті 85 жастағы кісілерді жиі көремін және олар шын мәнінде бақытты көрінеді. Үстел теннисі - ол балалар да, егде жастағы адамдар да, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар да бірдей ережелермен ойнай алатын спорт түрі. Ерлер мен әйелдер бірдей деңгейде тамашалай алатын, нағыз «демократиялық спорт түрі», — деп ол күлімсірей атап өтті.
Жапония мен Қазақстанды байланыстыратын Елші Е.Баударбек-Қожатаев шын мәнінде «Үстел теннисінің Елшісі» атануға лайық тұлға.
Ақпарат:
Ерлан Баударбек-Қожатаев 1967 жылы, КСРО кезеңіндегі Қазақстаның Тараз қаласында дүниеге келді. Ол Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін және Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтының жапон тілі факультетін бітірді. 1992 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қызметке кірді. Келесі жылы стажер ретінде Жапонияға келіп, кейін Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде бірінші хатшы және кеңесшісі болып жұмыс істед. 2008 жылы ҚР-дың Сингапурдағы Елшісі болып тағайындалып, ал 2016 жылдан бастап Қазақстанның Жапониядағы Елшісі лауазымында болды.