
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,43 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстанның Жапонияға экспорты – 348,1 млн долл., Жапонияның Қазақстанға импорты – 1,08 млрд. долларға жетті.
ҚР Жапонияға экспортының негізгі тауарлары: металдар және олардан жасалған бұйымдар, негізінен ферроқорытпалар (экспорттың жалпы көлемінің 50%-дан астамы), сондай-ақ мұнай, көмір, брикеттер, химиялық өнімдер және өсімдік өнімдері.
Жапониядан әкелінетін негізгі тауарлар: жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, бульдозерлер, грейдерлер және басқа да арнайы көліктер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құрылғылар, шиналар.
Жапония жалпы инвестиция көлемі 8 млрд. долл. асатын Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіреді. ҚР Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, 2025 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша, Жапониядан Қазақстан келген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 119,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 ж. сол кезеңімен салыстырғанда 49,8%-ға артық.
Қазақстанда мұнай, газ, мұнай-химия, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автокөліктердің көтерме саудасы, телекоммуникациялар, құрал-жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау, логистика, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда 60-тан астам жапон компаниясы тіркелген.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның Үкіметі мен жеке секторларының бірлескен комиссиясы (ЭҚК) жұмыс істейді.
Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру мақсатында 2017 жылдан бастап Жапония азаматтары үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз режим енгізілді.