Бангкок, 2025 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асқан Технологиялар хабы залының ашылу рәсімі Бангкок қаласында өткен БҰҰ АТМЭӘК Комиссиясының 81-сессиясының басталу аясында өтті.
Жұмыс кездесулерін өткізуге арналған жаңа кеңістік заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған, ал жөндеу жұмыстары дәстүрлі қазақ ою-өрнектері қолданылған ұлттық стильде жүргізілген.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының БҰҰ АТМЭӘК жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Тұрақты Өкілі Арман Исетов Қазақстанның ұйым жұмысына дәстүрлі түрде белсене қатысып, оның мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан цифрлық технологияларға ерекше мән беріп, олардың көмегімен елдердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік туып отырғанын жеткізді.
Сөз соңында жаңа зал мен оның жабдықтары БҰҰ АТМЭӘК ұжымы мен қонақтары үшін шабыт пен тың идеялардың қайнар көзі болатынына сенім білдірілді.