Казахстан мен Таиланд ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған

Казахстан мен Таиланд ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған

Бангкок, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд СІМ-нің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері департаментінің Бас директоры Сасирит Тангулратпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция, логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, даму көмегі, көпжақты форматта бірлескен жұмыс салаларындағы ағымдағы нәтижелер талқыланды.

Тараптар барлық бағыттар бойынша қол жеткізілген елеулі нәтижелерді, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға деген жоғары саяси қолдауды және мақсатты бағытты атап өтті.

Кездесудің нәтижесінде тараптар белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға нақты жоспарларды анықтады.