15 желтоқсанда Елші Раушан Есбулатова еліміздің инвестициялық мүдделерін ілгерілету мақсатында Таиланд Корольдігі Районг провинциясының губернаторы Ч.Иамсаенгпен кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тай өңірінің басшысына мемлекеттің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Қазақстандағы саяси өзгерістер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау сияқты, алдағы және өткен маңызды оқиғалар туралы мәліметтер берілді. Аймақ басшысына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының толық мәтіні арнайы әзірленген брошюра ретінде ұсынылды.
Жан-жақты әңгіме барысында губернаторға Орталық Азияның мемлекеті жайлы, оның жетекші көрсеткіштері, республиканың әртүрлі әлеуметтік-экономикалық салаларын дамытудағы реформалар бойынша Үкіметтің басымдықтары мен міндеттері туралы толыққанды ақпарат берілді.
Келіссөздер күн тәртібінің іскерлік бөлігін талқылай отырып, Елші Р.Есбулатова инвестициялық және инновациялық-өндірістік бағыттардағы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық өнімдерді шығаруда, тай тарапының қазақстандық шағын өнеркәсіп жобаларына, тұрмыстық керек-жарақ өндірісіне қатысуын, сондай-ақ табиғи таза ауылшаруашылық өнімдерін өсіру технологияларын қолданудағы тай аймағының тәжірибесін ескере отырып, осы бағыттағы зор мүмкіндіктерді атап өтті.
Бұл тұрғыда, шетелдік инвестицияларға арналған басымдықтар, елімізде қолданылатын ережелер, бағдарламалар мен стратегиялар туралы ақпарат тиісті презентациялық материалдар түрінде ұсынылады.
Таиланд аймағымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Елшінің «Burapha University» мемлекеттік университетінің ректоры В.Гасалакпен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі өтті. Сұхбат барысында, Таиланд университеті мен ҚР жоғары оқу орындары арасында білім беру бағдарламалары арқылы туризм саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндігіне аса назар аударылды.
Қазақстанның бас мерекесіне орайластырылған «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» тақырыбындағы презентация арқылы, Университет аудиториясы тарихи және қазіргі Қазақстанмен таныса отырып, кетер жылы мерекеленген Ұлы қазақ жазушысы Абайдың 175-жылдығы, танымал философ әл-Фарабидің 1150-жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы және ҚР Конституциясының 25-жылдығы туралы танысты.