Паттайя қаласында қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық акциясы өткізілді

Паттайя қаласында қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық акциясы өткізілді

27 қарашада ҚР Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен, ҚР Паттайя қаласындағы Құрметті консулдығының қолдауымен, көл жағалауындағы Бан Аумпур жағажайын тазарту бойынша экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шара мақсаты қоршаған ортаны қорғауды насихаттау және қоғамдықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына көңіл аудару.
Бастаманы БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, АзТМЭӘК-тың Атқарушы хатшысы А.Алисжабана, қала және аудан басшылығы, сондай-ақ Таиландта тіркелген бірқатар дипломатиялық миссия басшылары қолдады.
Акция аясында барлық пластикалық қоқыс жергілікті тазарту қызметтерге пресс-машина арқылы экологиялық таза силикат блоктарын қайта өңдеп шығару үшін берілді.
Паттайя қаласы Әкімнің орынбасары Р. Екасингхпен, Саттахип ауданының басшысының орынбасары П. Саинапамен, Таиландтық туризм қауымдастығы және полиция, сондай-ақ тай бизнес қоғамдастық өкілдерімен кездесу барысында шетелдік дипломаттарға провинцияның дамуы, жасыл технологияларды қолдану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету туралы баяндалды.
Сонымен қатар сапар бағдарламасына сәйкес, топ мүшелері халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан жастарды қорғаумен және олардың білімдерін арттыруға үлесін қосып Азаматтарға көмек көрсетудің өзара іс-қимыл қорына барды.
Жалпылай, экологиялық акция жергілікті белгілі Нонгнуч тропикалық саябағындағы «Достық» аллеясында ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды.

2018-2037 жж. арналған пластикалық қалдықтармен күрес жөніндегі Жол картасына сәйкес, Таиланд үкіметі жыл сайын бірқатар пластикалық материалдар өндірісін шектеу. 2020 жылы сауда желілерінің қолдауымен бірреттік пластикалық пакеттерді пайдалануға тыйым салынып, бұл науқан халықтың кең қолдауына ие болды. Келесі жылы Таиланд пластиктен жасалған ішуге арналған түтікше мен стакандарды қолданудан бас тартуды жоспарлап отыр. Экологиялық қызметтердің деректері бойынша жоғарыда көрсетілген шектеулер пластикалық қалдықтармен ластануды жылына 27 млн. тоннаға қысқартуы мүмкін.