
Аукцион 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінде (Бангкок қ.) өтеді.
Кепілдік жарна 2026 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы мерзімде міндетті түрде төленуі тиіс. Банк деректемелері туралы ақпарат қосымша ұсынылады.
Қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Таиланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Сату объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Жеңімпаз аукцион өткізілгеннен кейін 5 күнтізбелік күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндетті. Кепілдік жарна сатып алу құнының төлеміне есептеледі.
Тел.: +66 63 268 99 02
WhatsApp: +66 63 268 99 02
Email: kazconsulbangkok@gmail.com
Мекенжайы: P23 Building, 20 floor, 11/2 Soi Sukhumvit 23, Khlong Toei Nuea, Watthana District, Bangkok 10330
Автокөлік өзінің ағымдағы техникалық күйінде («бар күйінде», as is) сатылады.
Сауда-саттыққа қатысушылар кепілдік жарнаны төлеуге және өтінім беруге дейін осы хабарландырумен, сатып алу-сату шартының жобасымен мұқият танысуға, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын қарап-тексеруге міндетті.
Қатысушылар автокөлікті қандай да бір жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді талап ете алмайды, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдарды және автокөлікті қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта рәсімдеуге байланысты өзге де шығыстарды төлеуден босатуды талап ете алмайды.
Жеңімпаз шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде автокөлік құнының қалған бөлігін толық көлемде және барлық салықтарды төлеуге міндетті. ҚҚС, кедендік баждар және қайта рәсімдеуге байланысты шығыстарды Сатып алушы төлейді.
Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және оның енгізген барлық төлемдері, оның ішінде кепілдік жарнасы да қайтарылмайды.
Кепілдік жарнаны аудару кезінде ұсталған банк комиссиясы сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылмайды.
Сауда-саттық кезінде сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген өзге де нысандарына қатаң тыйым салынады.
Мүдделі тұлғалар автокөлікті Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінде 2026 жылғы 17-30 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, тек алдын ала жазылу арқылы қарап-тексере алады.
Автокөлікті қарап-тексеруге жазылу туралы өтініштерді және барлық сұрақтарды Елшілікке мына телефон нөмірі арқылы жолдауға болады: +66 63 268 9902.