ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың бейне үндеуі Бангкоктағы халықаралық конференция барысында жария етілді

ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың бейне үндеуі Бангкоктағы халықаралық конференция барысында жария етілді

18 қарашада Бангкок қаласында «Індет кезіндегі жаңа тұрақтылықтағы мемлекеттіліктің қалыптасуы» тақырыбындағы 4-ші Халықаралық мемлекеттілікті қалыптастыру бойынша конференциясы өз екі күндік жұмысын бастады.

Таиландтың және азиялық беделді ғылыми топтарымен бірлесе отырып жергілікті тұлғалардың шектеулі қатысуы мен шетелдік қонақтардың онлайн қатысуы форматында ұйымдастырылған іс-шара барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бейне үндеуі Таиландтың Премьер-министрі П.Чан-о-ча және Камбоджаның Премьер-министрі Х.Сен өкілдерінің бейне үндеулерімен қатар құттықтау сөздері ретінде ұсынылды.

Шетелдік қатысушылары арасында – қазіргі және бұрынғы саяси қайраткерлер, халықаралық ұйымдар мен қауымдастық өкілдері. Конференция шеңберіндегі сессиялары аясында шетелдік сарапшылар індеттен кейінгі кезгендегі болашақ қадамдар сияқты жаһандық сұрақтар бойынша пікір алмасу мүмкіндіктеріне ие болды. Елшілік тарапынан Конференцияның ашылу рәсіміне Елші Р.Есбулатова қатысты.

Конференцияның негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстанның достар тобының мүшесі, Таиландтағы Мемлекеттілікті қалыптастыру халықаралық институтының Төрағасы, профессор Крингсак Чареонвонгсак.