Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!


         2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №289 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Елшіліктің мекен-жайы: 10120 Бангкок қаласы, Патумуан Люмпини ықшамауданы, Уайалесс Роуд көшесі, 93/1 үй, «Уиттауи Тауерс» ғимараты, 8 этаж, 804А үйжайы

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің жанындағы №289 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Таиланд Корольдігі аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) Zh.Mambetaliyev@gmail.com (e-mail) электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

- +66 09 357 55700;

- +66 22543043.