
Бангкок, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстанның БҰҰ-ның Азия және
Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ
АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Бангкок
қаласындағы Комиссияның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысының
орынбасары әрі БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы профессор Армида
Салсия Алисджабанамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында
Бангкок қаласында өтетін Комиссияның 82-сессиясына дайындық
мәселелерін талқылады.
Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі БҰҰ
жүйесіндегі ең ірі өңірлік ұйым – БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты
ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік бейілділігін растады.