Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты әріптестікті нығайтуда

Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты әріптестікті нығайтуда

Бангкок, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстанның БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Бангкок қаласындағы Комиссияның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы профессор Армида Салсия Алисджабанамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Бангкок қаласында өтетін Комиссияның 82-сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.

Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі БҰҰ жүйесіндегі ең ірі өңірлік ұйым – БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік бейілділігін растады.