Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен бірлесіп БҰҰ АзТМЭӘК-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру бағытында жұмыс жүргізуде

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен бірлесіп БҰҰ АзТМЭӘК-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру бағытында жұмыс жүргізуде

2026 жылғы 2–3 наурыз күндері Қазақстанда Тұрақты даму үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Арнайы жұмыс тобының үшінші отырысы аясында БҰҰ АзТМЭӘК-ның делегациясының көшпелі сапары өтті. Іс-шаралар Алматы және Астана қалаларында ұйымдастырылды.

Сапар барысында қатысушыларға болашақта Орталықты орналастыру жоспарланып отырған Алматы қаласындағы UN Plaza кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сонымен қатар, делегация мүшелері Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесінің ONAY сервис кеңсесі әзірлеген заманауи цифрлық шешімдермен танысты.

Жұмыс бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру мәселелерін талқылауға арналған ресми бөлімді, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына баруды, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевпен, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловпен және Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашовпен кездесулерді қамтыды.

Көшпелі сапардың қорытындысы Қазақстанның цифрлық күн тәртібін ілгерілетуге және БҰҰ аясындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға берік бейілдігін растады. Сонымен қатар, өңірлік өзара іс-қимылды нығайту және үздік цифрлық шешімдер мен тәжірибелер алмасу бастамаларының маңыздылығы атап өтілді.