Қазақстан Елшісінің Нахон Патом тай провинциясына сапары

Қазақстан Елшісінің Нахон Патом тай провинциясына сапары

27 қазанда ҚР Елшісі Раушан Есбулатованың Таиландтың Накхон Патом провинциясына жұмыс сапары барысында аймақ және өнеркәсіпшілер федерациясы басшылығымен, жергілікті бизнес пен өнеркәсіп өкілдерімен, сондай-ақ өңірдің жетекші «Kasetsart University» оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулері өткізілді.

Провинция губернаторы С.Чараоен Сиричотимен өткен кездесуде Қазақстанның өндірістік өңірлерімен аймақаралық ынтымақтастықты орнатудағы ауқымды мәселелері талқыланған болды. ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі негізгі көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалар мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы толыққанды ақпарат беріп, Р.Есбулатова аймақ басшысына еліміздегі саяси өзгерістер туралы да хабарлады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларының негізгі қағидаларын белгілей отырып, Елші, сұхбаттасушының назарын қоғамның өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ҚР Үкіметі алдына қойылған құқықтық, экономикалық және әлеуметтік салаларда тиісті шараларды қабылдау міндеттеріне аударды.

Өз кезегінде провинция басшысы аймақтың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кластерін одан әрі дамытудағы, экономиканы цифрландыру сияқты жергілікті билік органдары тарапынан қабылдаған тиісті шаралар туралы хабарлады. Тараптар, қызығушылық танытуы мүмкін салалар бойынша тығыз диалогты орнатуға және COVID-19 індетінен соң жағдай өз қалпына келгеннен кейін екі ел аймақтарының өкілдері арасында өзара сапарларымен алмасу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Провинциялық өнеркәсіпшілер федерациясымен өткен сұхбат алаңы аясында Елшілік дипломаттары өндірістік аймақтар мен ұн және күріштен жасалатын өнімдерді шығаратын зауытта болып қайтты. Федерация президенті Р.Термпиттаявейт, сондай-ақ сыртқы тәртіпте өткізілген кездесудің қатысушылары ҚР инвестициялық, экспорттық және транзиттік әлеуетімен таныстырылды. Тай аймағының өнеркәсіптік және аграрлық сектор саласындағы маңызды құрамдас бөлігін ескере келе, іскерлік кездесудің қатысушыларына ҚР-дың қолайлы инвестициялық климаты, жеңілдіктер мен инвесторларды қорғау шаралары, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы ақпарат тиісті бейнероликтер мен презентациялар түрінде берілді. Сонымен қатар, провинциялық кәсіпкерлерге ауылшаруашылық, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы қазақстандық инвестициялық жобаларды қамтитын тизерлер де ұсынылды.

«Kasetsart University» ректорының орынбасары, профессор А.Пиньопумминмен және оның әріптестерімен өткен кездесудің күн тәртібінде қазақстандық және таиландтық университеттері арасындағы ынтымақтастықты орнату, келешекте тараптардың оқытушылар құрамы мен студенттермен алмасу мүмкіндіктері туралы мәселелер көтерілді.

Р.Есбулатова Қазақстанның білім беру жүйесі туралы мәлімдеп, 1993 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен негізі қаланған қабілетті жоғары білімді мамандар даярлайтын «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы толыққанды ақпарат берді.

Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет қазақстандық білікті жастар шетелде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғаны және Бағдарламаның жоспарлы дамуының арқасында 33 мемлекеттегі 200-ге жуық университеттерімен ынтымақтастықтың дамуы арқылы елдер географиясы кеңейтілгені атап өтілді.

1943 жылы ашылған мемлекеттік «Kasetsart University» - Таиландтағы ауылшаруашылық ғылыми дамуын жүзеге асыратын алғашқы аграрлық университет. 58000-нан астам студентті қабылдай алатын оның 7 филиалы Таиланд аумағында орналасқан.