Бангкокта Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған дәріс өтті

Бангкокта Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған дәріс өтті

2020 ж. 22 қазанда Елші Раушан Есбулатова Таиландтың ең ірі мемлекеттік университеттерінің бірі «Ramkhamhaeng University» студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы шеңберінде атақты қазақ жазушысының 175-жылдығына арналған «Қазіргі Қазақстан үшін Ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында дәріс оқыды.

Жоғары оқу орнының аудиториясы қазіргі Қазақстанның дамуы, қоғамдық сананы жаңғырту, өздігін жетілдіру және жаңа дағдыларды игеру, әділетті қоғам қалыптастыру арқылы Абайдың негізгі идеяларымен таныстырылды.

Сонымен қатар, Р.Есбулатова Қазақстан жайлы, оның заманауи елордасы
Нұр-Сұлтан туралы, Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан елеулі үлесі мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың стратегиялық бастамалары туралы толықанды ақпарат берді.

Презентациялық бейнематериалдар мен арнайы слайдтар арқылы дәріс қатысушылары Қазақстанның танымал көрікті жерлерімен және мәдени мұрасының маңызды нысандарымен танысты.

 

Рамкамхенг университеті 1971 жылы құрылды. Бұл Сухотай Ұлы Король Рамкаменгтің есімімен аталған Таиландтағы ең ірі мемлекеттік университеттердің бірі. Университет жоғары білімге деген халықтың сұранысын қанағаттандырудың тиімді және үнемді әдісін ұсынады. Барлық уақытта миллионнан астам студент бітірді.