Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағында көлік-логистикалық байланысты нығайтуда

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағында көлік-логистикалық байланысты нығайтуда

Бангкок, 2025 жылғы 12 қараша - БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ұйымның Бангкок қаласындағы штаб-пәтерінде өткен "Құрғақ порттар" жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысына қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобы қазақстандық тараптың екі қазақстандық логистикалық терминалды АзТМЭӘК-ға мүше мемлекеттер үшін халықаралық маңызы бар "құрғақ порттар" тізбесіне ресми енгізу туралы ұсынысын қолдады.

"Dostyk TransTerminal" ЖШС және "Global CITY" сауда-логистикалық кешені "Альфарух" ЖШС Азия мен Тынық мұхитының өңірлік көлік дәліздеріне кіретін терминалдар үшін белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкестіктің жоғары деңгейін растады.

АзТМЭӘК құрғақ порттарын желіге қосу осы логистикалық орталықтарды БҰҰ-ның ресми карталарында және дерекқорларында көрсетуге мүмкіндік береді, бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және ұлттық көлік-логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар тарту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.