Алматы–Бангкок жаңа әуе рейстері Қазақстан мен Таиланд арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді

Алматы–Бангкок жаңа әуе рейстері Қазақстан мен Таиланд арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді

Бангкок, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Таиланд Патшалығындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен «Thai AirAsia X» әуе компаниясы үш жаңа халықаралық бағыттың, соның ішінде Бангкок (Донмыанг әуежайы) – Алматы (Қазақстан) рейсінің ашылуына арналған баспасөз конференциясының тең ұйымдастырушылары болды. Іс-шараға Таиландтың және халықаралық жетекші БАҚ өкілдерінен 100-ден астам адам қатысты.

Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде Бангкок пен Алматы арасындағы тікелей әуе қатынасының екіжақты байланыстарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті: «Тікелей рейстің ашылуы Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды кеңейтудің жаңа кезеңі болмақ. Бұл туристік алмасулардың артуына, мәдени және іскерлік қатынастардың нығаюына қосымша жағдай жасап, мемлекеттеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға серпін береді».

Брифинг барысында «Thai AirAsia X» басшылығы әуе компаниясының маршруттық желісін дамыту жоспарларын ұсынды. Компанияның бас директоры Паттра Бусаравонгсе бірден үш жаңа бағыттың – Алматы (Қазақстан), Сендай (Жапония) және Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) ашылуы перспективалы нарықтарға шығу стратегиясының бөлігі екенін айтты.
«Біз үшін Алматы бағытының ашылуы ерекше маңыздыбұл біздің Орталық Азияға алғашқы қадамымыз. Қазақстанбай мәдениетімен, заманауи инфрақұрылымымен және туристер үшін қолайлы климаты бар бірегей бағыт. Біз бұл рейстің тайлық саяхатшыларға да, Қазақстаннан келетін қонақтарға да сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», – деп атап өтті ол.

«Thai AirAsia X» атқарушы төрағасы Тассапон Биджлевд компания Қазақстанды тек туристік емес, стратегиялық бағыт ретінде де қарайтынын айтты: «Біз Алматыға жаңа рейстің бизнес, инвестиция және мемлекеттеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндік беретініне сенімдіміз».

Бангкок пен Алматы арасындағы жаңа тікелей әуе қатынастары Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңі болмақ. Жаңа бағыт туризмді дамытуға, мәдени алмасуларды кеңейтуге және іскерлік ынтымақтастықты жолға қоюға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Баспасөз конференциясының қорытындысында тұрақты рейстер жолаушылар ағынын арттырып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Анықтама үшін: 2024 жылы Таиландқа 200 мыңнан астам қазақстандық азамат барған. Thai AirAsia X – Таиландтағы ең ірі лоукостер және AirAsia халықаралық тобының бөлігі. Компания Азия мен одан тыс 160-тан астам бағытқа рейстер орындайды. Әуе компаниясы жолаушылар тасымалын, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия бағыттарын белсенді дамытып келеді.

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Бангкок–Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A330 әуе кемелерімен орындалатын болады.