Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі  сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Бангкок, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Протокол департаментінің Бас директоры Чакрид Крачайвонгқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, саяси диалогты әрі қарай дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, ауыл шаруашылығы, ғылыми және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.

Туризм және білім беру саласындағы екіжақты байланыстарды жандандырудың, сондай-ақ көлік-логистикалық қатынастарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл қадамдар қазақстандық-тай серіктестікті тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Ч. Крачайвонг Қазақстанның соңғы реформалардағы және өңірлік ынтымақтастықтағы жетістіктерін атап өтті, Елшінің қызметі екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыста болып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту ісінде ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.