Меню

Страницы

Статья

«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

 

1. Жалпы ақпарат

Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы
Өткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жыл
Қатысушылардың келу күні: 18 маусым
Қайту күні: 21 маусым

 

Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру.

2. Қатысушылар

Байқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:

  • Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;
  • Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;
  • Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және    1 жетекшіден тұрады.

3. Номинациялар

Байқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
  2. «Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.
  3. «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.
  4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.
  5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау.

4. Шығындар мен ұйымдастыру мәселелері

  • Қатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
  • Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.
  • Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады.

5. Танымдық-мәдени бағдарлама

Байқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:

  • Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;
  • Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;
  • Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;
  • Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру.

6. Қосымша ақпарат

Байқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kz

Байланыс мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,
«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинет
Тел.: +7 (7172) 57 65 63
E-mail: info@daryn.kz

 

Конкурстың ұйымдастыру комитеті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.

Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип

Сейчас читают

02 июня 2025
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Ақпарат
27 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
27 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары