Қасиетті алау Қазақстанға жолданды

Қасиетті алау Қазақстанға жолданды

Қазақстанның православ шіркеуінің өкілдері Иерусалимдегі Қасиетті алаудың түсуі рәсіміне қатысты.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі дәстүрлі түрде киелі отты елімізге жеткізуді ұйымдастыруға қолғабыс көрсетті.

Қазақстаннан келген мінәжат етушілерге тұрақты қолдау көрсеткені үшін Елшілік Иерусалим Патриархы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ізгі ниет Елшісі Феофил III-ке ерекше алғысын білдіреді.

Анықтама: Қасиетті от Пасха қарсаңындағы Ұлы Сенбіде Иерусалимдегі Иса Мәсіхтің храмында түсті. Қасиетті алау - Кувуклияда – Қабір үңгірінің үстіндегі мәрмәрден жасалған кіші шіркеуде, сенім бойынша Иса Мәсіх жерленген орында түседі.