Тель-Авив, 2025 жылғы 1 сәуір – «Шохам» колледжінің қабырғасында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев жоғары курс студенттеріне Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі аспектілерін таныстырып, елдің көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесі мен бейбітшілік бастамаларын ілгерілету жолындағы күш-жігеріне баса назар аударған маңызды ғылыми пікірталас өтті.
Д. Ембердиев өз сөзінде БҰҰ-ның аймақтағы қолмақты рөлін және жаһандық үндеулер тұрғысынан маңызын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің дамуына ықпал ететін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы қарарды бірауыздан қабылдағанын жеткізді.
Талқылау барысында қатысушылар жаһандану мен жаңа технологиялардың дамуы аясындағы халықаралық жүйедегі өзгерістерді де қарастырды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуі мен ұйымның бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін жалғастыруының маңыздылығы да ерекше аталып өтті.