Қазақстан Елшісі Тель-Авивтегі бірқатар елшіліктерге барды

Қазақстан Елшісі Тель-Авивтегі бірқатар елшіліктерге барды

Тель-Авив, 2024 жылғы 26 сәуір – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Тель-Авивтегі әріптестері – Беларусь Елшісі Евгений Воробьев, Әзірбайжан Елшісі Мұхтар Мамедов пен Грузия Елшісі Заза Канделакимен кездесулер өткізді.

Дипломаттар аймақтағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастық бойынша өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелерде пікір алмасты.