Қазақстан Елшісі Израильдегі Ресей Елшілігіне барды

Қазақстан Елшісі Израильдегі Ресей Елшілігіне барды

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Ресей Федерациясының Тель-Авивтегі Елшілігіне ізеттілік сапармен барды.

Ресейдің Израильдегі Елшісі Анатолий Викторов, Д. Ембердиевті Израиль Мемлекетінде дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Достық әңгіме аясында дипломаттар екі елдің шетелдік мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.