Израиль Президенті мен Премьер-Министрі Қазақстан Елшісін қабылдады

Израиль Президенті мен Премьер-Министрі Қазақстан Елшісін қабылдады

Тель-Авив, 2024 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршаковтың Израиль Президенті Ицхак Герцог және Премьер-Министр Биньямин Нетаньяхумен кездесуі барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланып, аймақтағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасуы болды.

С.Бұршақов Израиль басшылығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінің негізгі тезистерімен таныстырып, сондай-ақ Мемлекет басшымысының кешенді саяси және экономикалық реформаларының іске асырылуы барысы жөнінде айтып берді.

И. Герцог пен Б. Нетаньяху еліміздегі маңызды өзгерістерді оң бағалап, Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Израиль Мемлекеті мен Үкіметінің басшылары Қазақстан Елшісін екі ел арасындағы жан-жақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірді.